«Газпром» «2-Солтүстік ағынды» қашан қосатынын айтты

«Газпром» «2-Солтүстік ағын» газ құбырын 2020 жылдың аяғына таман іске қосатынын жоспарлап отыр.

Алматы, NEGE. Бұл мерзімді Ресей президенті Владимир Путин де айтқан болатын. Қазіргі кезде Ресей газды шамадан тыс өндіріп жатқанмен, миллиардтаған ақшаны жоғалтып отырғанын жеткізді. Оған АҚШ пен Австралия кінәлі деп есептейді.

Бұған дейін В.Путин АҚШ салған санкцияға қарамастан жобаны соңына дейін жеткізуге болатынын айтқан. «Оған біздің шамамыз жетеді, тек серіктестер тартсақ болды» деген еді ол.

2019 жылдың желтоқсанында АҚШ «2-Солтүстік ағынға» қарсы жаңа санкция салған болатын. Ресми Вашингтон құбыр жүргізіп жатқан компаниядан тез арада газ құбырын жүргізу құрылысын тоқтатуды сұраған. Мұның салдарынан Allseas швейцарлық компаниясы жоба бойынша жұмысын аяқтайтынын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады