«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

Түркияның танымал актері Халит Эргенч алғаш рет Алматыда жанкүйерлерімен шығармашылық кездесу өткізеді. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлады.

«Ғажайып ғасырдан» үзінді

Астана, NEGE. 14 қыркүйекте Республика сарайында өтетін шығармашылық кеште алматылық көрермендер актермен жүздесіп, оның өнер жолы туралы әңгімесін тыңдай алады. Сонымен қатар Халит Эргенч түскен телехикаялардың саундтректері Symphosaz этно-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, іс-шараға сатылатын билет саны шектеулі.

Халит Эргенч – түрік киносы мен телехикаяларының ең танымал актерлерінің бірі. Қазақстандық көрермен оны «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы Сүлеймен сұлтан және «Мың бір түн» сериалындағы Онур рөлдері арқылы жақсы таниды. Бұл телехикаялар Қазақстанда кеңінен көрсетіліп, актерге үлкен танымалдық әкелді.