Газаға азық-түлік кіргізілмей отыр: Израиль 5 айдан бері гуманитарлық көмекті бөгеп келеді

БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек көрсету агенттігінің (UNRWA) бас комиссары Филипп Лацзарини Израильдің бес айдан астам уақыт бойы Газа секторына гуманитарлық жүктің кіруіне тосқауыл қойып отырғанын мәлімдеді.

eadaily.com/ru

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, осы кезеңде агенттік пен өзге де үкіметтік емес ұйымдар аймаққа көмек жеткізе алмай келеді.

– Египет пен Иорданиядағы қоймаларымыз азық-түлікке, дәрі-дәрмек пен гигиеналық құралдарға толы. Олар 6 мың жүк көлігін тиеуге жетер еді, – деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.

Лаццарини гуманитарлық көмекті БҰҰ-ның бақылауымен жеткізу қажеттігін атап өтіп, НПО-лардың атына жасалған үндеуге қосылды.

Айта кетейік, қаңтар айында Израиль UNRWA-ның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаған еді. Соның салдарынан агенттік Газа, Шығыс Иерусалим және Иордан өзенінің Батыс жағалауында қызмет атқара алмай отыр.