Газада гуманитарлық көмек кезінде 17 адам мерт болды

Палестинаға тиесілі қоршау аймақтан Израиль әскерін шығару мәселесіне байланысты келіссөздер тығырыққа тірелді.

aa.com

Алматы, NEGE. Дохада өтіп жатқан кеңестер барысымен таныс Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, тараптар келісімнің негізгі шарттары бойынша әлі бір шешімге келе алмай отыр. АҚШ ұсынған 60 күндік уақытша бітім жөніндегі ұсыныс жеті күннен бері талқыланып жатыр.

Израиль тарапы ХАМАС ұйымын келіссөздерді әдейі созып, келісімнің ілгерілеуіне кедергі келтіріп отыр деп айыптап отыр. Ал ХАМАС өкілдері, керісінше, кедергілер Израильдің талаптарынан туындап отырғанын мәлімдеді, деп жазды агенттік.

Ал Газада бейбіт тұрғындар арасында құрбандар саны артып жатыр. Сенбі күні гуманитарлық көмек алу кезінде 17 адам оққа ұшып, қаза тапты. Дәрігерлердің айтуынша, азық-түлік таратылып жатқан аумақта Израиль әскері оқ жаудырған.

БҰҰ дерегіне сүйенсек, АҚШ қолдауымен іске қосылған гуманитарлық көмек тарату жүйесі жұмыс істей бастағаннан бері Газада шамамен 800 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?