Газа секторындағы шабуылдан БҰҰ-ның 11 қызметкері қаза тапты

Газа секторында жүрген БҰҰ-ның 11 қызметкері әуе шабуылы кезінде қаза тапты, деп хабарлады Cиньхуа.

Алматы, NEGE. Израиль мен палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысы арасындағы қарулы қақтығыстың өршуі кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі агенттігінің 11 қызметкері қаза тапты. 

"Қаза тапқандардың арасында палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі мектебінің бес мұғалімі, бір гинеколог, бір инженер, бір кеңесші психолог және үш көмекші қызметкер бар. Олардың кейбіреулері отбасыларымен бірге үйлерінде өлтірілді. Агенттік бұл жағдайға қайғырып, көңіл білдіреді", – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Израиль армиясы ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасап жатқанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ