6 ноября 2023 г. 18:00
Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар
Сыртқы істер министрлігі Газа секторында 76 Қазақстан азаматы жүргенін мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Отбасы мүшелерімен қоса санағанда олардың саны 161 адам. Мысыр тарапынан да, Израиль тарапынан да шетелдіктердің отбасы мүшелерімен шығуына белгілі бір талаптар қойылған. Біздің азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кету мүмкіндігі болмағандықтан, Газа секторынан жақындарын тастап кетуге дайын емес», - деп хабарлады СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.