Газа секторында төрт журналист қаза болды

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, жуырда Газа секторына жасалған соққылардың салдарынан тағы төрт журналист мерт болды, деп хабарлайды IRNA. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құрбан болғандар - Нұр Кандил, Азиз Әл-Хаджар, Абдуррахман Әл-Абадила мен Халед Абу Сейф.

Телеарнаның хабарлауынша, соққыны Израиль тарапы жасаған. Қақтығыс аймағында мерт болған БАҚ өкілдерінің саны артып келеді.

Осыған дейін Израиль әскерлері ХАМАС-ты талқандап, Газада кепілде қалған адамдарды босату үшін ауқымды шабуылды бастағанын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты