Газа қаласына шамамен 250 мың адам оралды

Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері 250 мыңға жуық адам Газа қаласына оралды, деп хабарлайды Belta. 

Анадолы

Алматы, NEGE. — Бүгін атысты тоқтату келісімінен кейін шамамен 250 мың адам Газа қаласына оралды, — деді радикалды палестиналық қозғалыстың бақылауындағы агенттік өкілі.

Ол Израиль армиясы бұған дейін бейбіт тұрғындар үшін «өте қауіпті» деп жариялаған анклавтың солтүстік аймақтарына тағы 200 мың палестиналық оралғанын айтты.

9 қазанда Израиль мен ХАМАС өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңін жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Бұл кезең жақын арада барлық кепілге алынғандарды босатуды және Израиль әскерлерін Газа секторындағы келісілген сызыққа шығаруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті