Газ жарылып, 10 адам қаза тапты

Алжирдің шығысындағы Бордж-Бу-Арреридж қаласында газ жарылып, кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Алматы,  NEGE. Агенттік мәліметіне қарағанда, бейсенбі күні 4 қабатты ғимаратта болған. Жаралыс салдарынан 7 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 3 адам ауруханада көз жұмған. 17 адам жарақат алды.

Билік өкілдері жарылыстың неден болғанын анықтау мақсатында тергеуді бастады.