Газ тарифі бекітілді

Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, бұрын газдың текше метрі 60 теңге болса, енді газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілген.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде газ жүргізу барысы, ұзаққа созылған нысандар құрылысы, тұрғын аудандарда жүргізіліп жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру ​​шаралары және қаланың дамуы туралы айтты.

Осылайша, елорда тұрғын аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында 100 пайыз, Промышленный және Көктал-2 тұрғын алаптарында 95 пайыз, Көктал-1 тұрғын алабында 80 пайыз газ тарату желілері тартылған. Бұл жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады.

Аталған тұрғын аудандар халқы, сондай-ақ Агроқалашық тұрғын алабының бір бөлігі алдағы жылыту маусымында үйлерін газбен жылытады. Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алуға фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындары үшін әкімдік есептегіштерді тегін ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты