24 июля 2023 г. 10:20
Газ баллоны жарылған пәтерден 5 адам құтқарылды
23 шілдеде Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 1988 жылы салынған көппәтерлі бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып жанып, өрт ас үйге өткен.
Алматы, NEGE. Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары дереу орнына жіберілді.
ГТҚҚ буынының көмегімен және құтқару қалпақшасын пайдалану арқылы төртінші және бесінші қабаттардан 5 адам түтін аймағынан құтқарылды. Тағы 5 адам өздігінен эвакуацияланды.