Гастроэнтеролог қой еті тауыққа қарағанда пайдалы екенін айтты

Гастроэнтеролог Елена Манило doctorpiter порталына берген сұхбатында қой етінің пайдасы туралы айтып, оның диеталық тауық етіне қарағанда қандай артықшылығы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Tengri Life.

Алматы, NEGE. Сарапшының айтуынша, қой етіндегі майдың мөлшері еттің түріне және қойдың жасына байланысты өзгереді. Майлы ет кесектерінде 16,5 пайызға дейін май бар, ал майсыз ет бөліктерінде шамамен 9,5 пайыз бар.

"Сиыр етінде шамамен осындай мөлшерде май бар. Салыстыру үшін шошқа етінде майдың пайызы 40-50-ге дейін, ал тауықта 18 пайызға дейін жетеді. Қойдың етінде калория көп деп айту қиын. Орташа алғанда, 100 грамм еттің құрамында 170-209 килокалория бар. Бұл тұтас тауық етінен аз. Осылайша, қойдың етін диеталық ет түрлеріне жатқызуға болады", - дейді Манило.

Қазір оқып жатыр

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды