«Гарри Поттер» жұлдызы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Әлемге әйгілі шығарма арқауымен түсірілген фильмнің актері ауруханаға түсті.

 

Алматы, NEGE. «Гарри Поттер» жұлдызы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Британдық актер Том Фелтон АҚШ-та гольф бойынша көрме турнирін өткізу кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап. Оқиға Висконсин штатында болған. 34 жастағы Фелтон еуропалық жұлдызды топтың құрамында американдық әріптестеріне қарсы өнер көрсеткен.

Ойыншылар суретке түскеннен кейін актер өзін нашар сезініп, жерге құлаған. Фелтон электр машинасының көмегімен алаңнан эвакуацияланды. Ауруханаға жедел жеткізілген «Малфойдың» есінен тануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Том Фелтон 1997 жылы алғаш рет кино саласында дебют жасаған. Оған «Гарри Поттер» фильмдеріндегі Драко Малфойдың рөлі танымалдылық әкелді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?