19 марта 2020 г. 15:41
Гарри Поттер жұлдызы ішкілікке салынды
Белгілі актер Дэниел Рэдклифф ішкілікке салынып кеткенін ашық айтып, Батыстық бұқаралық ақпарат құралдарына эксклюзивті сұқбат берді.
Алматы, NEGE. «Гарри Поттер» жұлдызының айтуынша, танымалдылығы оған кесір болып тиген. «Қайда барсам да жұрттың көзіне түсіп қала бердім. Үнемі ел назарында жүрдім. Емін-еркін серуендеуге де шыға алмадым. Мені көрсе барлығы қасыма жүгіреді. Мезі болдым. Көптің бірі болып жұрт көзіне түспей, тасада жүргім келді. Танымал болған соң барлығы жұлдызға теңейді. Тек мас болып қана өзімнің кім екенімді ұмыта алдым. Кейін шарапқа деген әуестігімді тоқтату қиын болды», - дейді ол. Одан бөлек, Дэниел Рэдклифф аты аңызға айналған фильмнің түсірілім жұмыстарының тоқтауы да оны күйзеліске әкеп соқтырғанын жекткізді.