Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

Нұр-Сұлтан уақытымен 10 сағат 36 минутта «Союз-МС-18» ғарыш кемесі экипажы Қазақстан аумағына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Бортында ғарышкер Олег Новицкий, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар «Союз-МС-18» кемесінің аппараты Жерге қонды.

Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 үш ұшағы, арнайы техниканың 20-ға жуық бірлігі жұмылдырылған.

Кеме экипажы да борттық құжаттаманы мұқият зерттеп, қауіпсіз қонуына жауапты мамандардан кеңес алуда. Жерге қонушы аппарат ішіндегі экипаж кез келген штаттан тыс жағдайда әрекет етуге дайын болды.

Еске сала кетсек, тарихтағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа 2021 жылдың 5 қазанында ғарышта көркем фильм түсіру миссиясымен аттанған.

 

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ