Ғарыш станциясында 9 айға қалып қойған астронавтар жерге оралды

Халықаралық ғарыш станциясына сегіз күнге барып, тоғыз айға қалып қойған екі америкалық Жерге аман-есен оралды. Олар SpaceX компаниясының капсуласымен Флорида жағалауына қонған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бутч Уилмор мен Суни Уильямс орбиталық бекетке 2024 жылы маусымда «Boeing» компаниясының «Starliner» кемесін сынау мақсатында аттанды. Бірақ ғарыш кемесінде ақау табылғандықтан, ғарышкерлерді жоспарланған мерзімде қайтару мүмкін болмады.

NАSА әкімшілігі астронавтарды қондыру үшін SpaceX-тің ракетасына жүгінген.

Айта кетсек, Уилмор мен Уильямспен бірге Жерге ресейлік космонавт Александр Горбунов пен америкалық Ник Хейг те оралды.

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді