Ғани Бейсембаев оқушылардың смартфон ұстауына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте оқушылардың сабақ үстінде ұялы телефон ұстауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Мектеп саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сабақта мұғалім берген материалды толық меңгеріп, білімін шыңдауы керек. Сабақ кезінде смартфонға тыйым салу - ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде қабылданған шешім. Бұл сабақта мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты норма», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, оқушылар сабақтан кейін ұялы телефонды пайдалана алады. Яғни ата-анасына хабарласу мүмкіндігіне шектеу жоқ.

«Аталған мәселеге қатысты заңды Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Заң толық қабылданғанша ұйымдастыру мәселесі қолға алынады. Ең бастысы сабақтың үстінде оқушының негізсіз алаңдауына жол бермес үшін осындай шешім қабылданып отыр», - дейді ведомство басшысы.

Қазір оқып жатыр

Енді есірткі қолданған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапқа тартылады

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек