Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушылар келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған Соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін», – деді министр.

Сонымен қатар биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті