Гандболдан Азия чемпионатының қашан өтетіні белгілі болды

Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады, деп жазды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді. Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.  Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.