2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль үшін таласады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль үшін ойнайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Біздің спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде қазақстандықтар Жапония құрамасына 23:30 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін күреседі. Бұл жүлдеге жартылай финалда Оңтүстік Кореядан жеңілген Иран да үміткер ретінде саналады.

Айта кетейік, матч 10 желтоқсанда өтеді.