Гана шетелден оралған азаматтарды бірден вакцинациялай бастайды

Гана 13 желтоқсаннан бастап шетелден оралған азаматтарды елдің әуежайына келгеннен кейін бірден COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялай бастайды.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар елден кететін Гана тұрғындары вакцинация туралы құжаттарды ұсынуы керек. Мұндай шараларды ел билігі «омикронның» таралуына байланысты қабылдады. Германияда медицина қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізіледі. Енді олар жұмыс орнында вакцинациядан өткендігі немесе covid-19 ауруынан сауығып шыққандығы туралы дәлелдеме ұсынуы керек. Шотландия «омикронның» таралуына байланысты шектеулерді күшейтеді. COVID-19 жұқтырған адамдармен байланысқа түскендердің барлығы вакцинацияланғанына немесе коронавирусқа теріс сынақ нәтижесі болса да 10 күн карантинде болуы керек.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды