Ғалия Тынбаева Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 48 келі салмақта сынға түскен Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесіп, қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Ғалия әлемдік турнирдің күмісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан Қазақстан командасының үш спортшысы Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына шыққан болатын.

Жартылай финалдық бәсеклерде Шерзод Давлатов (60 келі) франциялық Энцо Джинді, Ғалия Тынбаева (48 келі) венгриялық Ребека Косжегижді, Жанарыс Рахметқали (66 келі) грузиядық Тенго Зиракашвилиді жеңді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды