Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды.

ҚДФ

Алматы, NEGE. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, 25 сәуірде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Довлатов пен Нұраділ Әлжан, сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренғайыпов қола медаль үшін күресетін болады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады