Ғалия Тынбаева Астанадағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Ғалия Тынбаева ширек финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 48 келі салмақта белдесетін Ғалия 1/8 айналымда тайпейлік спортшыны мерзімінен бұрын жеңді.

Тынбаеваның ширек финалдағы қарсыласы – түркиялық Тукче Бедер.

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева жақында Гонконгте өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.