Галина Дуванова Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Джиу-джитсудан әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Галина Дуванова финалда Филиппин елінің спортшысынан ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алматы, NEGE. Бұл - қазақстандық джиу-джитсу шеберлерінің жазғы Азиадада ел қоржынына салған бесінші медалі.