Ғалымдар вакцина ойлап тапты

Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты деп хабарлады қытайдың South China Morning Post басылымы.

Алматы, NEGE. «Біз вакцинаны жасап шығардық, бірақ дәрі алғашында жануарларға сынама ретінде егілуі тиіс. Оған көп уақыт кетеді», –  деп мәлімдеді Гонконг университетінің профессоры. Айтуынша, жануарлараға сынама жасауға бірнеше ай кетеді екен. Ал содан кейін науқастардың қатысуымен болатын клиникалық зерттеуге тағы бір жыл уақыт жұмсалады. 

Ғалымдар қарапайым тұмауға қарсы вакцинаны модификациялап, оған коронавирустың антигенін қосқандығын атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»