Ғалымдар төсек қатынасының пайдасын тамсана айтып берді
Польшадағы Силез медициналық университетінің ғалым-маманы, сексолог Беата Врубель махаббат ойындарының денсаулыққа пайдасы жөнінде әңгімелеп берді. Маман ғылыми түрде анықталған жайттарға тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, тұрақты төсек қатынасы адамның физикалық және психологиялық жағдайына жақсы әсер етеді. Мәселен, Цюрих университетінің зерттеуінше, күйзеліс тудыратын кортизол гормондары төсек қатынасынан тартынатын адамдарда көп болады екен.
Алматы, NEGE. Жақындасу кезінде сезім мүшелері серіктесіңмен өзара әрекетке түседі. Сондықтан бұл қарым-қатынас құрудың мықты құралы болып табылады.
«Интимді жақындасу барысында, адам күледі, эротикалық әңгіме айтады. Массаж, сипалау, еркелету – адамға ләззат сыйлайды», – дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ, жыныстық жақындық организмде негізгі антиденелердің деңгейін арттырады. Пенсильваниядағы Уилкс Университетінің мамандарының зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, аптасына бір интимді жақындық иммуноглобулин А (IgA) деңгейін 30 пайызға арттырады. Бұл зат адамды вирустар мен патогенді бактериялардан қорғайды.
Махаббат ойындары кезінде түрлі бұлшық еттер, соның ішін мықын бұлшық еттері жақсы жұмыс істейді. Бұл әйелді де, еркектерді де қуық ауруларынан қорғайды. Оның үстіне, иммунитетті нығайтып, жүректің жұмысын жақсартады. Калория жойылып, ұйқы түзеледі. Бастысы, ми жақсы жұмыс істейді екен.