Ғалымдар: Тасқа қашалған суреттерде Наурыз мерекесінің нышандары бар

Қола дәуіріне жататын жартастағы петроглифтер мен тасқа қашалған суреттерде Наурыз тойының нышандары бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл Таңбалы тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының зерттеуші ғалымдарының сөзі. Сан ғасырлардан бері Таңбалытастағы таңбалар зерттеуші ғалымдарды таңқалдырып келеді. Біздің заманымызға дейінгі 14-13 ғасырлардан, яғни қола дәуірінен бері осы күнге дейін аспан астындағы археологиялық кешенде 5 мыңға жуық сан-алуан бейне жазылған. Арасында Күн басты құдай бейнесі 30 жерде кездеседі. Ең үлкен суреті 4-ші петроглифтер тобында салынған. Бұл композициялық суреттердің сырын ғалымдар мұқият зерделеп, зерттеген. Петроглифтерде күнге табыну, төрт-түліктің төлдеуі, құрбан шалу, ыдыс ұстаған адамдар сынды бейнелер Наурызды қарсы алуда жасалатын бүгінгі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа жақын дейді ғалымдар.

Ринат Шәріпов, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі директорының орынбасары:

 – Ғалымдардың пайымдауы бойынша бұл жеті күн басты мүмкін сол заманның өзінде біздің қазіргі аптаның жеті күні болуы мүмкін. Және де астында ғұрыптық би билеп жатқан 12 адам. Бұл 12 адамның өзінде де үлкен мән-мағына жатыр. 12 адам 12 ай болуы мүмкін екен. Себебі 7-8 әйел адам өмірге сәби әкеліп жатқандығын көрсетеді. Мұның барлығы – қола дәуірінде бастау алатын жартастағы суреттер. Сол заманда өмір сүрген адамдардың күн мен түннің теңелуін және тірі тіршіліктің оянуының басты назарындағы осы Наурыз мерекесенің шығу тарихына басты дерек бола алады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті