Ғалымдар көру қабілетін толық қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты

Австралияның Монаш университетінің ғалымдары көздің жұмысын толығымен қалпына келтіруге қабілетті Gennaris бионикалық көру жүйесін жасап шығарды, деп жазды Daily Mail.

Алматы, NEGE. «Біз көзі мүлдем көрмейтін адамдардың көру қабілетін қалпына келтіру туралы айтып отырмыз. Ол үшін бионикалық көз имплантталады», - деп хабарлады әдістің авторлары. Айтуларынша, бионикалық көзге салынған камера сигналдарды микропроцессорға жібереді, ал ол алынған кескіндерді тікелей миға жібереді. Gennaris бионикалық көру жүйесі көздің тор қабығынан мидың «көру орталығына» жіберілетін сигналдарды тежейтін зақымдалған көру нервтерін айналып өте алады. Аталған әдіс арқылы адам үйдің ішінде және далада өздігінен бағдар жасай алады және айналасындағы адамдар мен заттарды көре алады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты