Ғалымдар қоғамдық көліктегі ауаны тазалайтын сүзгі ойлап тапты
Германияның Ной-Ульм қаласындағы автопарк жолаушыларды коронавирустан қорғаудың жолын ойлап тапты.
Алматы, NEGE. Компания өкілдері қоғамдық көліктегі ауаны тазалап тұратын арнайы құрылғы қоймақшы. Вирусты жұқтырудан қорғайтын сүзгіштің арасында жеміс қышқылынан тұратын қабат бар. Құрылғыдағы бұл материал көліктегі ауаны 99 процент тазалайды екен. Компания осылайша адамдардың қоғамдық көлікте қорықпай сапарлауын қайта қалпына келтіруді көздеп отыр.
EVOBUS компаниясының инженері Юрген Хиппин: "Автобустағы ауаның алмасу жылдамдығы 2-4 минут. Бұл қоғамдық көліктегі ауа ең көп дегенде 4 минутта толық тазарып отырады дегенді білдіреді" деді.