Ғалымдар ақырзаман қашан болатынын есептеп шығарды

NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Алматы, NEGE.  Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған. Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды.

Онда күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жоятыны жайлы жазылған. Яғни ғалымдар 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады деп болжап отыр. Мамандар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген екен. Айтуларынша, ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады.

Еске сала кетсек, Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қаққан еді. Ватикан тарихын зерттеуші Сабрина Сфорца Галиция суретшінің туындыларының біріндегі құпияны ашқанын мәлімдеп, ақырзаман 4006 жылдың 21 наурызында болады деген тоқтамға келген болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті