26 октября 2022 г. 10:52

Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басшысы қызметінен кетті

Фото:

Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Банк ЦентрКредит басқармадағы жоспарлы ротация аяқталғанын хабарлады. 

"Банк ЦентрКредит" АҚ директорлар кеңесі Ғалым Хұсайынов басқарма төрағасы қызметінен кеткені туралы хабарлады. Ғалым Хұсайынов жұмыс барысында қаржы институтының дамуына үлкен үлес қосты. Директорлар кеңесі Ғалым Хұсайыновқа жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жобаларында жаңа табыстар тілейді", - делінген хабарламада.

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, Руслан Владимиров басқарманың жаңа төрағасы болып тағайындалған. 

Тегтер: