Ғалым COVID-26 және COVID-32 болуы мүмкін екенін айтты

Америкалық ғалым және коронавирус пен жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Питер Хотез COVID-19-дың қалай пайда болғаны зерттелмеген жағдайда COVID-26 және COVID- 32 болатынын айтты.

Алматы, NEGE.  "Бұл XXI ғасырдағы үшінші ірі эпидемия не пандемия. Қазіргі - үшінші. Табиғат ана егер коронавирустың қалай пайда болғанын анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болатынын ескертіп жатыр", - дейді ғалым. 

Маман жаңа коронавирустың пайда болуын зерттеу керегін атап өтті. Ол үшін індет басталған Уханға вирусологтар мен эпидемиологтарды жіберу керек. Бұл жерде ғалымдар мәліметтер мен қажет үлгілерді жинай алады.

Хотездің сөзінше, коронавирустың пайда болуы туралы мәліметті Қытаймен байланыс болмаған жағдайда алу қиын болар еді. Ол мамандарға жануарларға, адамдарға, үлгілерге және зертханаларға кедергісіз қол жеткізу үшін Бейжіңге, оның ішінде санкцияларға қатты қысым жасау керек екенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты