Ғалиахметов шорт-тректен әлем чемпионатында топ жарды

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтуде.

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар В финалында сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz.  Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан В финалында бақ сынап, Ғалиахметов мәреге бірінші болып келді. Әділ аталған қашықтықты 2 минут 25.703 секундта жүгіріп өткен. Ал осы қашықтықта әйелдер арасында сынға түскен Мадина Жанбосынова 16, Янна Хан 27-орында.  Айта кету керек, әлем чемпионатының А финалындағы бәсекелер ертеңге жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?