Гаитиде жер сілкінісінен мерт болғандар саны 724 -ке жетті
14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 724 -ке жетті. Бұл туралы елдің азаматтық қорғау департаменті Twitter -де жазды.
Алматы, NEGE. «Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны -7247 Оңтүстік департаментінде 500-ге, Гранд -Ансе департаментінде 100 -ге, Нипп департаментінде 122 -ге жетті және елдің солтүстік -батысында екі адам көз жұмды, - делінген хабарламада. Сенбі күні Гаити жағалауында қуаты 7,2 балл жер сілкінді.
Соңғы мәліметтер бойынша 1800 -ден астам адам зардап шеккен. Республика билігінің мәліметінше, ең көп жарақааттанғандар -Оңтүстік, Гранд Ансе және Нипп департаменттерінің тұрғындары.