Гаитиде халық үкіметке қарсы наразылыққа шықты

Гаитиде жүздеген тұрғын ел астанасы Порт-о-Пренс көшелеріне шығып, премьер-министр Ариэль Анридің биліктен кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ашынған топ полициямен қақтығысқан. Белсенділер инфляция мен қылмыстың өршіп бара жатқанына наразылық білдірді. Әсіресе жанармай мен дизель отынының қымбаттауы жұртты тығырыққа тіреді. Бұған дейін де халық бас көтеріп, дөңгелектерді өртеп, үлкен көшелерді жабуға тырысқан еді. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті