Гаджет мектептен қуылмақ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы мектептерде смартфондар мен басқа гаджеттерге тыйым салынуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды, деп жазады Курсив.

«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондар, планшеттер) пайдалануға тыйым салу мүмкіндігін зерттеп,бүгінгі таңда мұндай шараны жүзеге асырудың құқықтық шарттары іс жүзінде бар екенін жеткізді. Қазіргі уақытта сегіз аймақта  қарапайым ұялы телефондар қолданылады», - деп жауап берді премьер-министр.

Осы жылдың ақпан айының басында «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаты Мира Айсина смартфондардың зияны туралы сөз қозғады. Ол планшеттер мен басқа да сандық технологияларға тәуелділіктің өсуі бас жарақаты мен ақыл ойдың кемістігі сияқты өзгерістерге әкеледі,-деп мәлімдеме жасады.

Мәжіліс депутаты Мира Айсина  қазіргі  кезде Германия мен Францияда студенттерінің мұндай деградацияға ұшырамауы үшін оқу орындарында гаджеттерді қолдануға тыйым салынғандығын мәлімдеді. 

Қазақстанда өткен жылдың қараша айына дейін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарында смартфондарды пайдалануға тыйым салынды. Алайда, үкімет қаулыға қол қойып, оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнына смартфон әкелуге рұқсат етілді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Саяси реинкарнация дейтіндей өліп, тірілген жоқпын – Ғабидолла Әбдірахымов

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде