Габриэлдің миына зақым келген

"Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Габриэл көзінің көру қабілетінің қиындауына байланысты спорттағы карьерасын уақытша тоқтатты. Бұл жөнінде клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Алматы, NEGE. Футболшы көз жанарының нашарлауын бірінші рет Португалия кубогының жартылай финалдағы "Фамаликанмен" (3:2) өткен матчтен кейін байқаған. Дәрігерлік тексерістерден кейін Габриэлдің ми тамырларына зақым келгендігі анықталып, содан оның көзі бұлдырап, алдындағы заттар қосарланып көрінетіні байқалған. Әзірге Бразилиялық хавбектің қашан толық емделіп шығатыны белгісіз.

Былтыр қарашада "Бенфика" Габриэлмен келісімшартты 2024 жылға дейін созған болатын. Биылғы Португалия чемпионатында футболшы 13 матчте бір ғана гол салды.

Қазір оқып жатыр

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті