Ғабит Мүсірепов театрының 76-шы маусымының жабылу салтанаты өтеді

17 шілде күні Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 76-шы маусымының жабылу салтанаты өтеді.

Алматы, NEGE. 76-шы маусымның шымылдығы жақында ғана премьерасы өткен, режиссері Фархад Молдағалидің «Король Лир» қойылымымен жабады. Кезекті жазғы демалыстан театр ұжымы қыркүйек айының 10-нан бастап оралады. 

Жабылу салтанатының қадірлі қонақтары: Ербол Нариманұлы, Ғазизхан Шекербеков, Толқын Нұрбекова, Ерден Жақсыбеков, «Steppesons» тобы, Дидар Каден, Мақсат Рахмет.

Маусымның жабылу барысында: «Король Лир» спектаклі туралы түсірілген деректі фильмнің көрсетілімі мен маусымның бір жыл бойғы атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы шолу видеолары көрсетілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады