Ғабидулла Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Оспанқұлов Ғабидулла Абдуллаұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Түрлі жылдары ҚР Парламентінде, Президент Әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. 2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінде жұмыс істеді.  2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында – Nur Otan партиясының хатшысы. 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы