Ғабидолла Әбдірахымов вице-министр болды

Үкімет қаулысымен Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы

Primerminister.kz хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі. 

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2008-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары Шымкент қаласының әкімі.

2017-2018 жылдары «Нұр-Отан» партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады