G7-ге мүше елдер Ресейді экспорттаушы мемлекет мәртебесінен айырмақ

Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден хабарлады.

Алматы, NEGE. Тиісті шешім АҚШ пен онымен одақтас елдерге Ресейден келген көптеген тауарға баж салығын салуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Ресей экономикасын одан бетер құлдыратады дейді сарапшылар. Сонымен қатар Құрама Штаттары Ресейде өндірілетін бағалы заттар, арақ пен теңіз өнімдерінің импортын да шектемек ниетте.

Сондай-ақ Джо Байден Владимир Путинді агрессор деп атап, ол өз ісі үшін жазасын тарту керек деген пікір танытты. Ақ үй басшысы алдағы уақытта да Ресейге қатысты шектеу шаралары қабылданатынын ескертті. 

Қазір оқып жатыр

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады