G7 елдері Украина экономикасына 15 млрд доллар құяды

G7 елдері Украинаға Ресеймен арадағы соғыс салдарынан келген шығынды өтеу үшін 15 миллиард доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрі Джанет Йелленнің мәлімдеуше, бұл шешім G7 елдерінің қаржы министрлері мен Германияның орталық банктері басшылығының кездесуінде қабылданған. 

Бұған дейін Еуропалық комиссия Киевке 9 миллиард еуро бөлуге уәде берген болатын. Канада мен Германия да қосымша қаражат шығындауға дайын екенін мәлім етті. Кездесуде G7 қаржы ведомстволарының басшылары Ресейдің Еуропаға мұнай экспортынан түсетін табысын қысқарту тетіктерін, жаһандық инфляцияны талқылады. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін