Футзалдан Қазақстан құрамасы көш бастап тұр

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Алматы, NEGE. D тобының үшінші туры чехиялық Брнода өтіп, 5:2 есебімен аяқталды. 

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды. Пауло Рикада Кака шәкірттері ойынды қарқынды бастады – алғашқы минуттарда Чехия қақпасына үш гол соғылды. Дуглас дубль жасады, кейін Тайнан гол соқты. 

Екінші таймда командалар екі голмен алмасып шықты. 24-минутта Дуглас хет-трик авторы атанды. Алаң иелері Михаил Голаның голымен жауап қатты. 38-минутта Тайнан кездесудегі екінші голын соқты. Матчтың соңғы минутында Иржи Вокоун матч нүктесін қойды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы ұлты ұпаймен өз тобында бірінші орын алды. Өзара кездесуде жеңіліп қалған Чехия алты ұпайы болса да, екінші орынға түсті. Румынияда төрт, Словенияда бір ұпай бар. 

Әлем чемпионаты биыл Литвада 12 қыркүйек пен 4 қазан арасында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды