Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ жартылай финалына шықты

Тұңғыш рет тарихи жаңалыққа куә болдық.

Алматы, NEGE. Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Дүбірлі дода Литва қаласында өтіп жатыр. Рикардо Каканың шәкірттері бұл жолы Иранмен жолығып, 3:2 есебімен басым түсті. Ойын басынан қарсыластар ширақ қимылдаған. Алайда үзілістен кейін жерлестеріміз ес жинап, шабуылды үдетті. Алдымен Самими өз қақпасына гол соғып алды. Артынша біздің құрамадағы Арнольд Кнауб пен Тайнан нысанадан мүлт кетпей, ұпайды еселеді. Айта кетейік, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетеді. Енді жігіттер финалдық сынның жолдамасын 30 қыркүйекте Португалиямен сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады