Футзалдан Қазақстан кубогы басталды

Бүгін елордада футзалдан 26-шы Қазақстан кубогы жалауын көтерді.

 
Алматы, NEGE. Алғашқы ойында «Атырау» мен «Рахмет» командалары кездесті.
 
Алғашқы кезңде «Атырау» ойыншылары басымдық көрсетті. Олардың қатарынан Фукин 13, 18, Эрик Данило 17-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде Г. Нағашыбай 25, Булатов 29, 33-минуттарда гол соғып, таразы басын теңесті.
 
Бұдан кейін қайтадан атыраулық Фукин 34-минутта командасын алға шығарса, атыраулық Сәрсенбаев 40-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
 
Осылайша кездесуде 4:4 есебіне тіркеліп, командалар тең нәтижеге қанағат білдірді.
 
Сондай-ақ, Қазақстан кубогында Рудныйдың «Алтай» командасы Көкшетаудың «Оқжетпесін» 4:2 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты