Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан Литваны ойсырата жеңді

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Литваны ойсырата жеңді.

Алматы, NEGE. Біздің футзалшылар қарсыластың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ойын басынан Тайнан мергендік танытып, есепті ашса, артынша Дәурен Тұрсағұлов пен Альберт Ақбалықов ұпайды еселеді. Осылайша ел құрамасы топтық кезеңде қатарынан екі  матчта жеңіске жетті. Қазір Қазақстан турнир кестесінде алты ұпаймен көш басында. Ізін ала Венесуэла, Литва, Коста-Рика командалары жайғасқан. Ал бірсігүні жерлестеріміз Венесуэламен кездесіп, плей-офф кезеңінің жолдамасын сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді