Футзалдан ӘЧ іріктеу: Қазақстан Әзербайжаннан басым түсті

Қазақстан құрамасы Әзірбайжаннан басым түсті.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі үшінші ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар алғашқы минутта жинақы қимыл көрсетті.

ҚР құрамасы сапынан Біржан Оразов 23, Дуглас Жуниор 27, Дәурен Тұрсағұлов 36, Лео 39-минутта мергендік танытты. Оған әзербайжан спортшыларынан Хади Ахмади 12, Манека 40-минутта екі голмен жауап қайыра алды.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Ел құрамасы бұдан бұрын Румынияны 4:3, Нидерландты 2:0 есебімен жеңген еді.

Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық футзалшылар Черногория (7:0, 5:1) мен Словенияны (2:0, 3:3) артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды. Тоғыз ұпаймен көш бастап тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр