Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ойынның бірінші кезеңінде ұлттық құрамадан Лео өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Екінші кезеңде Ақжол Дәрібай 39-минутта есепті қорытындылады. Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, ұлттық құрама алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен кездеседі. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі ойын ойнайды.

Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы енді 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды