Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары 27 қыркүйек аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қорытындысында, Франциялықтар Тайланд құрамасын 5:2 есебімен жеңсе, Аргентина құрамасы Хорваттарды 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған командалар толық анықталды. Олар: Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла, Морокко, Қазақстан, Франция және Аргентина.

Ширек финалдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Ал Қазақстан құрамасы 30 қыркүйек күні 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентинаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін сенсация жасап, алдыңғы кезекті әлем чемпионы Португалияны жарыс жолынан шығарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?